$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

АЭС құрылысын тездету қажет – Тоқаев

Редакция
28 қаңтар 2025 05:04 2804
АЭС құрылысын тездету қажет – Тоқаев Сурет авторы: Shutterstock

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке алғашқы атом электр стансасының құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

"Энергия тапшылығы артып келеді. Сондықтан алғашқы АЭС құрылысын тездету қажет. Жалпы, елімізде ядролық кластер құру ісін қолға алу керек. Бұл – Қазақстанның болашақта ойдағыдай дамуына қатысты аса маңызды міндет," – деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, атом саласын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл жоспарда АЭС салуға қолайлы жерлерді анықтап, қауіпсіз әрі заманауи технологияларды қолдану қажеттігін ерекше атап өтті.

"Қуат – бүкіл экономиканың дамуының негізі. Энергия жеткілікті болған жағдайда аймақтар гүлденіп, халықтың тұрмысы жақсарады. Бұл – айдан анық," – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екінші АЭС-ті қай аймақта салу керектігі жөнінде Үкімет пен Парламентке ұсыныс беруді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар