$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Журналистердің кулуарда депутаттарға сұрақ қоюына шектеу қойылды

Редакция
31 тамыз 2026, 15:27
Журналистердің кулуарда депутаттарға сұрақ қоюына шектеу қойылды Сурет авторы: ЖИ иллюстрациясы

Қазақстан Республикасы Парламентінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін кулуарлық сұрақтар қою форматы тоқтатылды. Парламент аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбековтің хабарлауынша, Бюро шешіміне сәйкес, тілшілер депутаттармен тек баспасөз орталығында белгіленген кесте бойынша және бекітілген күн тәртібі аясында ғана тілдесе алады. Бұл шешім «Масс-медиа туралы» заңның аккредиттеу ережелеріне және ғимараттың режимдік нысан мәртебесіне негізделген.

31 тамызда өткен отырыстан соң БАҚ өкілдері ғимараттың белгілі бір қанатында уақытша тоқтатылып, депутаттар өтетін дәлізге бірден шыға алмаған. Тілшілер бұл шектеуді жаңадан сайланған депутат Дана Медеуованың келуімен байланыстырғанымен, аппарат өкілі бұл сұраққа пікір білдіруден бас тартты. Ол сонымен бірге депутаттармен жеке сұхбат ұйымдастыру партиялардың ресми контактілері арқылы жүзеге асатынын атап өтті.

Осы отырыс барысында кадрлық өзгерістер де бекітіліп, Ерлан Қарин Вице-президент лауазымына, ал Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына қайта бекітілді.

Соңғы жаңалықтар