$ 484.78 € 558.66 ₽ 6.6

Зейнетақы жинағын алу қиындай түсті: жаңа шектер кімге қалай әсер етеді?

Редакция
08 маусым 2026, 09:55
Зейнетақы жинағын алу қиындай түсті: жаңа шектер кімге қалай әсер етеді? Сурет авторы: Zakon.kz

Бұдан былай зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу қиындай түспек. 6 маусымда жарияланған жаңа мәліметтерге сүйенсек, жас ерекшелігіне байланысты шекті деңгей 79%-дан 120%-ға дейін өскен. Ең соққы болған жаңалық - 42 жастан асқан азаматтар үшін бұл көрсеткіш бірден екі еседен астамға артып отыр.

Жасы бойынша ең төменгі жеткіліктілік шегінің өсу пайызы

20 жас - 79,3%

21 жас - 80,78%

22 жас - 81,7%

23 жас - 83,01%

24 жас - 84,04%

25 жас - 85,65%

26 жас - 86,75%

27 жас - 87,39%

28 жас - 88,59%

29 жас - 89,54%

30 жас - 90,43%

31 жас - 91,46%

32 жас - 92,44%

33 жас - 93,54%

34 жас - 94,24%

35 жас - 95,08%

36 жас - 95,87%

37 жас - 96,46%

38 жас - 97,49%

39 жас - 98,17%

40 жас - 98,96%

41 жас - 99,71%

42 жас - 100,28%

43 жас - 100,83%

44 жас - 101,62%

45 жас - 102,37%

46 жас - 102,82%

47 жас - 103,38%

48 жас - 104,03%

49 жас - 104,78%

50 жас - 105,25%

51 жас - 105,82%

52 жас - 106,35%

53 жас - 106,75%

54 жас - 107,24%

55 жас - 107,81%

56 жас - 108,46%

57 жас - 108,87%

58 жас - 109,37%

59 жас - 109,64%

60 жас - 110,28%

61 жас - 115,23%

62 жас - 120,28%

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, өсімнің ең төменгі көрсеткіші 20 жастағы салымшылар арасында тіркелсе (79,3%), ең жоғары өсім деңгейі зейнеткерлік жас алдындағы азаматтарда (120,28%) байқалады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) ресми мәлімдемесіне сәйкес, бұл шара болашақтағы зейнетақы төлемдерінің көлемін тиісті деңгейде сақтау қажеттілігінен туындаған. Бұрын қолданылған әдістеме бойынша, жинағын ішінара алған азаматтардың болашақ зейнетақысы елдегі медиандық жалақының тек 15%-ы төңірегінде болатын. Жаңа есептеу тәсілі зейнетке шыққан жағдайда бұл көрсеткішті медиандық жалақының 40%-ына дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бекітілген жаңа ереже зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалана алатын азаматтардың санатын айтарлықтай шектегенімен, халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтарды қарттық шақта тұрақты әрі лайықты табыс көзімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар