Үкімет Президент Жолдауларының орындалуы туралы есеп берді: 540 жаңа медициналық нысан ашылды
Редакция
04 қыркүйек 2025 18:46
15

4 қыркүйекте Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қарсаңында Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Президент Жолдаулары мен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды.
Мәжіліс төрағасы, партия жетекшісі Ерлан Қошанов Жолдаулар елдің стратегиялық бағытын айқындайтынын атап өтті.
«Адамдар нақты өзгерістерді дәл қазір көргісі келеді. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындау», – деді ол.