$ 526.5 € 611.64 ₽ 6.72

Тоқаев Трампқа жауап жолдады

Абдрахманов Мағжан
10 шілде 2025 11:00 114
Тоқаев Трампқа жауап жолдады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын енгізу жөніндегі хатына жауап берді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Тоқаев Қазақстанның Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Ол еліміздің әділ, түсінікті әрі өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілді екенін жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге қатысты рационалды шешім әзірлеу үшін Қазақстан тарапы конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар