$ 544.26 € 634.72 ₽ 6.52

Тоқаев: АЭС құрылысына қатысты келіссөздерде еліміздің мүддесін ескеру қажет

Абдрахманов Мағжан
26 қыркүйек 2025 15:12 496
Тоқаев: АЭС құрылысына қатысты келіссөздерде еліміздің мүддесін ескеру қажет Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу бойынша келіссөздер барысында еліміздің ұлттық мүддесін қатаң ескеру қажеттігін атап өтті. Бұл туралы ол Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтты.

Мемлекет басшысы жобаны халықаралық консорциум жүзеге асыратынын, оның жетекшісі «Росатом» компаниясы екенін еске салды.

"Тиісті Агенттік, жалпы, Үкімет осы компаниямен келіссөздер өткізген кезде әрдайым еліміздің мүддесін ескеруі қажет, келісімдердің барлығы әділетті, теңгерімді, тиімді болуы керек. Табиғи байлығымызды, яғни уранды талан-таражға салуға болмайды. Бүгін мен мұны ғалымдардың және бүкіл ғылым қауымдастығының алдында әдейі айтып отырмын. Бұл – аса маңызды мәселе", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тек бір ғана атом электр станциясын салумен шектелмейтінін, екінші және үшінші станцияларды да жоспарлау қажет екенін айтты.

"Қытай Төрағасымен кездесу барысында да осы мәселені талқыладық. Екі ел бейбіт атом саласындағы ынтымақтастықты нығайта береді. Қытайда алдағы он бес жылда 76 жаңа реактор іске қосылмақ. Көршіміз – осы саладағы жетекші мемлекеттердің бірі", – деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар