$ 486.2 € 557.82 ₽ 6

Тоқаев 15 наурызды жаңа Конституция күні деп жариялады

Редакция
16 наурыз 2026, 09:35
Тоқаев 15 наурызды жаңа Конституция күні деп жариялады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа орталығында» референдумның үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқан жастармен жүздесті. Президент бұл күнді ел шежіресіндегі алтын әріппен жазылатын тарихи белес деп атап, жас белсенділерге шынайы ризашылығын білдірді.

Президенттің айтуынша, енді 15 наурыз – Конституция күні ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтіледі. Мемлекет басшысы еліміздің Ата Заңын әлемдегі ең озық құжаттардың бірі деп бағалап, оның негізгі бағдары жастарға бағытталғанын қадап айтты. Жаңарған Конституцияға тұңғыш рет жасанды интеллект, ғылым, инновация және еріктілер қозғалысы сияқты заманауи ұғымдар енгізілген.

«Біз ауқымды жұмысты атқардық, бірақ бұл тек бастамасы. Алда Парламент сайлауы күтіп тұр. Мен бұл Парламенттің нағыз жастар алаңына айналғанын қалаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жастарды алдағы саяси додада да жұдырықтай жұмылып, елдің дамуына серпін беруге шақырды.

Соңғы жаңалықтар