$ 463.91 € 544.63 ₽ 6.26

Таиландқа визасыз бару мерзімі қысқармақ: Демалыс жоспарлағандар нені білуі тиіс

Редакция
13 мамыр 2026, 13:03
Таиландқа визасыз бару мерзімі қысқармақ: Демалыс жоспарлағандар нені білуі тиіс Сурет авторы: freedom-travel.kz

Таиланд билігі шетелдік туристер, соның ішінде қазақстандықтар үшін визасыз режим мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Сихасак Пхуангкеткео мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл қадам визалық жеңілдіктерді өз мақсатында пайдаланбайтын, яғни туризмнен бөлек істермен айналысатын шетелдіктердің санын шектеу үшін жасалмақ. Министр визасыз жүру мерзімін қысқарту ешқандай ұлтқа қарсы бағытталмағанын, тек елдегі тәртіпті нығайту мен заңсыз әрекеттердің алдын алуды көздейтінін атап өтті.

Бұл бастама бұған дейін де көтерілген болатын, алайда сайлау науқанына байланысты кейінге шегерілген еді. Енді Таиланд үкіметі визалық санаттарды оңтайландырып, олардың санын азайтуды қолға алмақ. Демек алдағы уақытта «күлімдеген елге» баруды жоспарлағандар үшін визасыз мерзім бір айдан аспайтын болады.

Қазіргі уақытта билік өкілдері бұл мәселені тиісті ведомстволармен талқылап жатыр. Мамандардың айтуынша, ереже өзгергенімен, Таиланд туристер үшін ашық әрі қонақжай болып қала береді, тек бақылау талаптары күшейтіледі.

Соңғы жаңалықтар