$ 486.2 € 557.82 ₽ 6

«Референдум – 2026» онлайн марафоны өз мәресіне жетті: exit-poll мәліметтері жарияланды

Редакция
16 наурыз 2026, 10:05
«Референдум – 2026» онлайн марафоны өз мәресіне жетті: exit-poll мәліметтері жарияланды

2026 жылғы 15 наурызда еліміздің саяси өміріндегі елеулі оқиға – «Референдум – 2026» онлайн марафоны өз мәресіне жетті. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған бұл шара тек саяси талқылау ғана емес, нағыз инновациялық шоуға айналды.

Марафон аясында жұмыс істеген бес алаңда қоғам қайраткерлерінен бастап, жас өнертапқыштарға дейін бас қосты. Әсіресе, Инновация алаңы көпшіліктің назарын бірден аударды: мұнда алғаш рет голограмма шоуы көрсетіліп, робот-иттер мен өрт сөндіруші роботтар таныстырылды. Көрермендер адам ағзасына салынатын механикалық жүрек пен шахтерлерге арналған «смарт-қолғап» сияқты отандық бірегей жобаларды тамашалады.

 

Бұл күні саяси белсенділік те рекордтық көрсеткішке жетті: жаңа Конституцияны қолдап 10 миллионнан аса азамат дауыс берді. Тіпті шет елдердегі 10 мың отандасымыз өз таңдауын жасап, белсенділік танытқан.

Марафонның ең әсерлі сәті – «Қайырымды жан» номинациясының иегерлерін марапаттау болды. Өрттен бес баланы аман алып қалған Ерлан Тоқсанбаев пен 22 тонна қоқыс жинаған экобелсенді Тимур Хасеновтің ерліктері көпшілікті сүйсінтті. Барлық әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілген шара референдумның алғашқы exit-poll нәтижелерін жариялаумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар