$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Путинмен кездесуден кейін Назарбаев Мирзияевпен сөйлесті

Абдрахманов Мағжан
30 желтоқсан 2025, 09:33
Путинмен кездесуден кейін Назарбаев Мирзияевпен сөйлесті Сурет авторы: Өзбекстан президентінің сайты

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен телефон арқылы әңгімелесті. Бұл туралы Өзбекстан басшысының ресми сайты хабарлады.

Мәліметке сәйкес, тараптар әңгіменің басында бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, бауырлас халықтарға бейбіт өмір, тұрақтылық пен өркендеу тіледі.

29 желтоқсанда өткен телефон әңгімесі барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейге жеткені атап өтілді. Сондай-ақ екі ел арасындағы көпжақты әріптестіктің басым бағыттар бойынша кезең-кезеңімен дамып келе жатқаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Мәскеуде кездескен еді. Осы жағдайға байланысты Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи мемлекеттік құпияны білетін тұлғалардың шетелге шығуын шектеуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар