$ 454.46 € 527.72 ₽ 5.25

Қазақстан Қашаған операторынан 2,3 трлн теңге өндіруді жалғастырады

Абдрахманов Мағжан
09 қыркүйек 2026, 10:04
Қазақстан Қашаған операторынан 2,3 трлн теңге өндіруді жалғастырады Сурет авторы: kmg.kz

NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіру жұмыстары жалғасады. Әділет министрлігі бұған дейін атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды деген ақпаратқа түсінік берді.

Министрліктің мәліметінше, NCOC мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне шағымданған. Осыған байланысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты атқарушылық іс жүргізу материалдарын сұратқан.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға сәйкес, сот атқарушылық іс жүргізу материалдарын талап еткен жағдайда, іс құжаттар соттан қайтарылғанға дейін уақытша тоқтатыла тұрады.

Осыған байланысты министрлік NCOC-тан мемлекет пайдасына қаражат өндіру ісі толық тоқтатылмағанын нақтылады. Құжаттар соттан қайтарылғаннан кейін өндіріп алу жұмыстары заңда белгіленген тәртіппен жалғасады.

Бұған дейін NCOC компаниясынан 2,3 трлн теңге көлеміндегі қаражатты өндіріп алуға қатысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар