$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Мектеп оқушыларына қыста немен айналысуға болады: Оқу-ағарту министрлігі каникулға ұсыныстар берді

Редакция
22 желтоқсан 2025, 16:39
Мектеп оқушыларына қыста немен айналысуға болады: Оқу-ағарту министрлігі каникулға ұсыныстар берді Сурет авторы: gettyimages

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы каникулын барынша тиімді өткізуге шақырды. Биыл демалыс 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін, яғни 10 күнге созылады.

Ведомство мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарына балаларды білім беру, спорт және мәдени іс-шараларға белсенді қатысуды ұсынды. Мамандардың пікірінше, оқушылардың бос уақыты мазмұнды әрі дамытушы іс-әрекеттермен толтырылғаны дұрыс.

Оқушыларға көп оқу, музейлер мен көрмелерге бару, экскурсияларға қатысу, спортпен айналысу, коньки мен шаңғы тебу, сондай-ақ қайырымдылық акцияларына қатысу ұсынылды. Министрлік бұл әрекеттердің тек қызықты каникул өткізуге ғана емес, сонымен қатар балалардың жеке тұлға ретінде дамуына да септігі тиетінін атап өтті.

Сонымен қатар қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Ата-аналарға балаларға жол қозғалысы ережелерін, өрт және үйдегі қоғамдық қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ интернет және киберқауіпсіздік тәуекелдерін еске салу ұсынылды.

Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, бұл ұсыныстар әдістемелік сипатта болып, қысқы каникул кезінде білім беру ұйымдарында қолдану үшін жіберілді.

Еске сала кетейік, Қазақстан мектептеріндегі қысқы каникул 2025–2026 оқу жылында 29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін өтеді.

Соңғы жаңалықтар