Қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді
Сурет авторы: Qrnews/ ЖИ иллюстрациясы
Қазан айында Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру, қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру, әлеуметтік көмекке қатысты бірқатар өзгеріс күшіне енеді.
Жұмыссыз мәртебесін алу тәртібі өзгереді
1 қазаннан жұмыспен қамту қызметінің жаңа жұмыс тәртібі сынақтан өткізіле бастайды. Жұмыссыз мәртебесін бергенге дейін азаматқа лайықты жұмыс іздеуге берілетін уақыт 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады. Осы аралықта мамандар адамның тәжірибесі мен біліктілігін саралап, бос жұмыс орындарын ұсынуға тиіс.
Ал жұмысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемнің мерзімі әзірге өзгермейді. Оны ең көбі үш айға дейін қысқартатын жаңа тәртіп 2027 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді.
WhatsApp Business тарифі өзгереді
1 қазаннан WhatsApp Business API арқылы клиенттеріне хабарлама жіберетін кәсіпкерлер үшін тарифтік санат өзгереді. Дереккөздегі мәлімет бойынша, тапсырыс мәртебесі, жазылу туралы еске салу, түбіртек секілді қызметтік хабарламалардың бағасы 0,0077 доллардан 0,018 долларға дейін өседі.
Әр WhatsApp Business API нөміріне айына клиенттерге берілетін мың жауап тегін болады. 1001-жауаптан бастап әр жеткізілген хабарламаға 0,018 доллар төленеді. Бұл өзгеріс жеке хат алмасатын қарапайым WhatsApp қолданушыларына қатысты емес.
Алматыда су қымбаттайды
1 қазаннан Алматы тұрғындары үшін бір текше метр судың тарифі ҚҚС-пен 178,06 теңге, ал кәріз қызметі 119,46 теңге болады.
«Алматы су» тарифтің өсуін электр энергиясы, реагенттер, материалдар, қосалқы бөлшектер мен жабдық бағасының қымбаттауымен, сондай-ақ еңбек шығынының артуымен түсіндіреді. Соңғы екі жылда кәсіпорын теңгеріміне жалпы құны 73,2 млрд теңге болатын жаңа инфрақұрылым нысандары берілген.
Әлеуметтік төлем алушыларға хабарлама жіберіледі
1 қазаннан әлеуметтік төлем тағайындау шарттарындағы өзгерістер туралы азаматтарға кезең-кезеңімен хабар беріле бастайды. Ақпарат SMS, eGov Mobile және банктердің қосымшалары арқылы жеткізіледі.
Бұл әлеуметтік көмектің жаңа шарттары 1 қазаннан бірден қолданыла бастайды дегенді білдірмейді. Әзірге халықты хабардар ету және жаңа тәсілге көшуге дайындық жүріп жатыр.
Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттері үш күн жабылады
1–3 қазанда Қазақстан–Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері арқылы адамдар, көлік пен жүк өткізілмейді. Бұған Қытай Халық Республикасының құрылған күніне байланысты мереке себеп. Теміржол өткізу бекеттері қалыпты жұмысын жалғастырады.
Міндетті медициналық тексеру тәртібі өзгереді
3 қазаннан қызметкерлерді міндетті медициналық тексеруден өткізу ережелері жаңарады. Өзгерістер зиянды немесе қауіпті жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге, кәсіби ауруға күдік туған кездегі тексеруге және медициналық қорытындыларды рәсімдеуге қатысты.
Зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайында кемінде сегіз жыл жұмыс істеген кей қызметкерлер арнайы медициналық тексеруден бес жылда бір рет өтеді. Кәсіби ауру белгісі байқалса, қызметкер қосымша тексеруге жіберіледі.
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайтынын бұған дейін хабарлаған. Президенттің айтуынша, онда алдағы кезеңге арналған мақсат-міндеттер айқындалады.
Қауіпсіздік кеңесі әскерді реформалау жоспарын қарайды
Қазанның екінші жартысында Қауіпсіздік кеңесінде Қарулы күштерді реформалау жоспары қаралуы тиіс. Жоспарды Қауіпсіздік кеңесінің аппараты мен Қорғаныс министрлігі әзірлейді. Бұл тапсырма Каспийдегі әскери оқу-жаттығуда 14 әскери қызметші қаза тапқаннан кейін берілген.
Республика күнінде үш күн демалыс болады
Биыл 25 қазан – Республика күні жексенбіге түседі. Сондықтан демалыс дүйсенбі, 26 қазанға ауыстырылады. Бес күндік жұмыс аптасымен істейтін қазақстандықтар 24, 25 және 26 қазанда, яғни қатарынан үш күн демалады.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
16 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
17 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
17 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
17 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
18 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
18 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
19 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
22 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
23 сағат бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
23 сағат бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
23 сағат бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
1 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
1 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын