$ 464.71 € 531.26 ₽ 6.05

Қазанға дейін тек бір мерекелік күн: Қазақстандағы шілде айының демалыс күнтізбесі

Редакция
15 маусым 2026, 09:36
Қазанға дейін тек бір мерекелік күн: Қазақстандағы шілде айының демалыс күнтізбесі Сурет авторы: tsum1947.by

Биылғы жылдан бастап Қазақстанда тамыз айында мерекелік күндер болмайды. Алдағы айларда қазақстандықтарды тек шілде айында ғана бір қосымша демалыс күні күтіп тұр, деп хабарлайды informburo.kz.

Конституция күнінің ауыстырылуына байланысты енгізілген өзгерістерге орай, Қазақстанда жаз бойы тек бір ғана мемлекеттік мереке атап өтіледі. 6 шілде – Елорда күні, биыл бұл күн дүйсенбіге сәйкес келіп тұр. Осылайша, бес күндік жұмыс кестесіндегі қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.

Биылғы жылдан бастап Қазақстанда тамыз айында мерекелік күндер болмайды. Елорда күнінен кейінгі жақын арадағы мереке – тек қазан айындағы Республика күні.

6 шілде 1994 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» қаулы қабылдады. 1998 жылғы 10 маусымда жаңа астана – Астана қаласының ресми тұсаукесері өтті. Елорда күні республикада қала астана мәртебесін алған сәттен бастап аталып өтіледі. Бұрын бұл мереке қалалық деңгейде 10 маусымда тойланса, 2006 жылы қала күні 6 шілдеге ауыстырылды.

1 шілдеде Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енеді. Оған сәйкес, Қазақстанда Конституция күні енді 30 тамызда емес, 15 наурызда атап өтілетін болады.

Соңғы жаңалықтар