$ 469.52 € 553.75 ₽ 6.15

Қазақстандық авиакомпания жаз соңына дейін Дубайға ұшатын рейстерді тоқтатты

Редакция
16 сәуір 2026, 09:32
Қазақстандық авиакомпания жаз соңына дейін Дубайға ұшатын рейстерді тоқтатты Сурет авторы: Zakon.kz

Таяу Шығыстағы шиеленіс отандық әуе тасымалына салқынын тигізді. Еліміздің танымал авиакомпаниясы Fly Arystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша барлық рейстерді 29 тамызға дейін тоқтатқанын ресми түрде жариялады.

Жоспары бұзылған жолаушылар үшін жалғыз жұбаныш — билет құнын ешқандай айыппұлсыз, 100% толық қайтарып алу мүмкіндігі. Бұл шешім аймақтағы қауіпсіздік шараларына байланысты қабылданып отыр.

Егер билетті сайттан алсаңыз, онлайн қайтара аласыз, ал агенттіктер арқылы алған болсаңыз, дереу сол кеңсеге хабарласуыңыз қажет.

Бұл қадам Air Astana-ның Дубайға рейстерді шектеу туралы шешімінен кейін жалғасып отырған үлкен өзгерістердің бірі.

Соңғы жаңалықтар