$ 490.21 € 566.93 ₽ 6.81

Қазақстан мектеп оқулықтарының мазмұны қайта қаралып, жаңартылады

Редакция
10 маусым 2026, 14:01
Қазақстан мектеп оқулықтарының мазмұны қайта қаралып, жаңартылады Сурет авторы: Pinterest

Қазақстанда мектеп оқулықтарының сапасын арттыру және білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Қолданыстағы оқу құралдарына жүргізілген сараптама нәтижесінде 700-ден астам қателіктер анықталды.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, оқулықтарда кездесетін олқылықтар әртүрлі сипатқа ие. Олардың қатарында деректік қателіктер, математикалық есептеулердегі дәлсіздіктер, стилистикалық және техникалық кемшіліктер, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға бейімделмеген мазмұндық материалдар бар. Министрлік кейбір оқулықтардың тоғыз жылдан астам уақыт бойы айтарлықтай өзгеріссіз қолданыста болғанын, бұл жағдайдың заманауи білім беру талаптарына сәйкес келмейтінін атап өтті.

Ведомство басшысы білім сапасы - мемлекеттің болашағына тікелей әсер ететін маңызды мәселе екенін ескертіп, оқулықтардың тек формалды сараптамадан ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің қазіргі сұраныстарына толық сай болуы қажеттігін мәлімдеді.

Осыған байланысты Үкімет оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңарту кестесін бекітті:

 3 және 7-сыныптарға арналған оқулықтар — 2026 жылдың 30 тамызына дейін;

 4 және 9-сыныптарға арналған оқулықтар — 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін;

 8-сыныптарға арналған оқулықтар — 2027 жылдың 1 сәуіріне дейін.

Министрлік баспалар мен сараптамалық комиссиялардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырды. Жаңарту процесінің басты мақсаты - оқушыларға сапалы, дәйекті және заманауи білім беру стандарттарына сай келетін оқу материалдарын ұсыну.

Соңғы жаңалықтар