$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

«Қайрат» пен «Пафос» арасындағы ойынға билеттер сатылымға шықты: Бағасы қанша?

Абдрахманов Мағжан
14 қазан 2025 15:55 258
«Қайрат» пен «Пафос» арасындағы ойынға билеттер сатылымға шықты: Бағасы қанша? Сурет авторы: "Қайрат" футбол клубы

13 қазаннан бастап Алматының «Қайрат» және Кипрдің «Пафос» командалары арасындағы Чемпиондар лигасы ойынына билеттер сатыла бастады. Бұл туралы ticketon_sport Instagram арнасы хабарлады.

Билеттерді Freedom SuperApp және Kairat SuperApp қосымшалары арқылы сатып алуға болады. Матч 21 қазанда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойынның сағат 21:45-те басталады.

«Қайрат» футбол клубының мәліметінше, УЕФА-мен келісілген топтық кезеңнің Алматыда өтетін барлық ойынына билет бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болады.

Ал өткен аптада кипрлік «Пафос» жанкүйерлеріне арнап екі күндік чартерлік турлар ұйымдастыратынын хабарлаған еді. Бағасы – 650 еуро, оған ұшу, қонақүй және матч билеті кіреді. Сонымен қатар «Пафос» матч билеттерін сата бастады. Олардың құны 50 еуро немесе шамамен 30 мың теңге.

Соңғы жаңалықтар