$ 488.37 € 559.77 ₽ 6.64

Интернетте балағат сөз айтқандарға 86 500 теңге айыппұл салынуы мүмкін

Редакция
15 маусым 2026, 12:43
Интернетте балағат сөз айтқандарға 86 500 теңге айыппұл салынуы мүмкін Сурет авторы: turaninfo.kz

Қазақстан Республикасының Үкіметі интернет-кеңістіктегі былапыт сөздерді пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мәселесін қарастыруда. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Парламент Мәжілісі депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды.

Қазіргі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда балағат сөз қолданғаны үшін 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салу, 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу шаралары қарастырылған. Үкімет дайындап жатқан жаңа заң жобасы бұл норманы онлайн-платформаларға да қолдануды көздейді. Құжатты ағымдағы жылдың маусым айында Парламентке енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Үкімет коучингтік қызметті реттеу мәселесіне де тоқталды. Қазіргі уақытта «Коучингтік қызмет» кәсіби стандарты қолданыста, ол мамандардың біліктілігіне, сертификатталуына және этикалық ұстанымдарына қойылатын талаптарды айқындайды. Сондай-ақ, медиаторлардың кәсіби қызметін реттеу мақсатында Этикалық кодекс әзірленуде.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қоғамдағы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында іске асырылады. Аталған құжат жастар арасында сыйластық пен этикалық тұрақтылықты дамытуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар