$ 481.83 € 556.8 ₽ 5.85

Instagram мен YouTube балалар қауіпсіздігіне немқұрайлы қарағаны үшін жауапқа тартылды

Редакция
26 наурыз 2026, 09:45
Instagram мен YouTube балалар қауіпсіздігіне немқұрайлы қарағаны үшін жауапқа тартылды Сурет авторы: 9 news

 Лос-Анджелес алқабилер соты Meta және Alphabet (Google) корпорацияларын жасөспірімдердің денсаулығына зиян тигізетін платформалық дизайндар әзірлегені үшін жауапты деп таныды.

Сот шешіміне сәйкес, Meta компаниясы 4,2 миллион доллар, ал Google 1,8 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұл іс АҚШ-тағы технологиялық алпауыттарға қарсы қозғалған мыңдаған ұқсас шағымдар үшін маңызды прецедент (сынақ ісі) болып саналады.

Сот талқылауына қатысқан талапкер әлеуметтік желілердегі «шексіз таспа» (infinite scroll) секілді функциялардың бала кезінен бастап тәуелділік тудырғанын алға тартты. Алқабилер компаниялардың платформа дизайнын жасауда салғырттық танытқанын және оның ықтимал қауіптері туралы пайдаланушыларға тиісті деңгейде ескертпегенін растады.

Сот процесі барысында Meta басшысы Марк Цукерберг бастаған компания өкілдері түсініктеме берді. Алайда, ішкі құжаттар корпорациялардың қауіпсіздік шараларынан гөрі пайда табу мақсатын жоғары қойғанын көрсеткен. Meta және Google сот шешімімен келіспейтінін және апелляцияға беретінін мәлімдеді.

Бұл үкім АҚШ Конгресінде әлеуметтік желілерді реттейтін жаңа заңнамалық актілерді қабылдау туралы талқылаулардың қайта жандануына түрткі болды.

Соңғы жаңалықтар