Еуропаға баратын қазақстандықтарды енді не күтіп тұр
Сурет авторы: us-ak.com
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Шенген аймағына кіру ережелерінің өзгергенін хабарлайды. Шенген аймағына мүше 29 мемлекетте үшінші елдердің азаматтары үшін шекарадан өтуді автоматтандырылған цифрлық есепке алудың EES (Entry/Exit System) жүйесі толыққанды іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасап, отандастарымызды жаңа талаптармен танысуға шақырады.
Жаңа жүйе шекарадан өту кезінде төлқұжатқа қолмен штамп басу процедурасын толығымен алмастырады. Енді Шенген аймағындағы кез келген елге алғаш рет кірген кезде шетелдік азаматтардан міндетті түрде мынадай мәліметтер жиналады:
Жеке төлқұжат деректері;
Биометриялық көрсеткіштер (бет-әлпет кескіні мен саусақ іздері);
Кіру және шығу күні мен орны.
Бұл деректер бірыңғай жүйеде 3 жыл бойы сақталады. Сондай-ақ, жүйеде тұлғаға елге кіруден бас тартылған жағдайлар да тіркеледі. Ресми ережеге сәйкес, 12 жасқа толмаған балалардан саусақ іздері алынбайды.
Сыртқы істер министрлігінің түсіндіруінше, жаңа процедура тұлғаны кескін бойынша сәйкестендіруді қарастырады және болашақта шекарадан өту үдерісін жеңілдетуге бағытталған. Алайда, биометриялық деректерді ұсынудан бас тартқан жағдайда, шетелдік азаматтың Шенген аймағына кіруіне тыйым салынады.
Жүйені енгізудің алғашқы кезеңінде шекаралық бақылау бекеттерінде, әсіресе алғашқы кіру пунктінде құжаттарды тексеру уақыты ұзаруы мүмкін. Осыған байланысты, СІМ өкілдері транзиттік бағыттармен саяхаттайтын жолаушыларға рейстер арасындағы ауысып отыру уақытын қосымша уақыт қорымен жоспарлауды ұсынады.
Шекарадан өту үдерісін жеделдету мақсатында Еуропалық Одақ арнайы мобильді қосымша әзірледі. Жолаушылар келуге 72 сағат қалғанда өздерінің төлқұжат деректері мен биометриялық суреттерін осы қосымшаға алдын ала жүктей алады. Дегенмен, мобильді қосымшаны пайдалану азаматтарды тікелей шекаралық бақылаудан өту міндетінен босатпайды.
ҚР СІМ вице-министрі Әлібек Бақаев БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстар қазақстандықтарды Шенген визасынан толық босатуды емес, оны алу процедураларын жеңілдетуді көздейді. Қазақстан тарапы Шенген елдерімен бұл бағыттағы ресми келіссөздерді 2026 жылдың екінші жартысында аяқтауды жоспарлап отыр.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
2 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
5 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
6 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
6 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
7 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
7 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
7 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
8 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
8 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
9 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
11 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
11 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
12 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
13 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
13 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
13 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын