$ 486.19 € 554.26 ₽ 6.51

Еуропадағы электр дағдарысы: Қазақстанда жағдай бақылауда ма?

Редакция
24 маусым 2026, 15:36
Еуропадағы электр дағдарысы: Қазақстанда жағдай бақылауда ма? Сурет авторы: Александр Павский / Kazinform

Еуропа елдеріндегі экстремалды ыстық салдарынан орын алуы мүмкін электр энергиясының үзілістеріне қатысты алаңдаушылық туындаған тұста, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі еліміздегі жағдайға қатысты ресми пікір білдірді.

Қазіргі таңда Франция, Италия, Испания сынды бірқатар еуропалық мемлекеттерде ауа температурасының рекордтық деңгейге жетуіне байланысты электр желілеріне түсетін жүктеме артып, энергетикалық дағдарыс қаупі төнуде. Қазақстанда да аптап ыстықтың салдарынан кондиционерлер мен тоңазытқыш құрылғыларын пайдалану көлемі артқан.

Алайда Энергетика министрлігінің өкілі Әсел Серікпаеваның мәліметінше, елдегі электр желілерінің тұрақтылығына ешқандай қауіп жоқ. Ведомство мамандары ең жоғары жүктеме кезіндегі сұраныстың жергілікті ауытқуларын толық бақылауда ұстап отыр.

«Қазақстанның энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Тұтынудың артуы көршілес мемлекеттермен жүзеге асырылатын техникалық алмасу арқылы реттеледі. Еліміздегі электр станциялары мен желілік кәсіпорындар азаматтарды және экономика нысандарын үздіксіз энергиямен қамтамасыз етуде», – деп хабарлады министрлік.

Министрліктің түсіндіруінше, энергетикалық жүйеге түсетін басым жүктеме Қазақстанда қыс мезгіліне тән. Сондықтан жазғы кезеңдегі тұтыну көрсеткіштері жүйенің мүмкіндігі шегінде және қауіпсіз деңгейде қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар