$ 497.56 € 586.92 ₽ 6.44

Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді

Абдрахманов Мағжан
27 ақпан 2026, 15:28
Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді Сурет авторы: Avalon

Испаниялық әнші Энрике Иглесиас Қазақстанға концертпен келеді. Бұл туралы Freedom Ticketon компаниясы хабарлады. Әзірге концерттің нақты қай қалада және қашан өтетіні жарияланған жоқ.

Энрике Иглесиас – әлемге танымал орындаушылардың бірі, испан және ағылшын тілдеріндегі хит әндерімен кеңінен танылған әнші әрі ән авторы.

Бұған дейін жыл соңына дейін Қазақстанда кемінде бес шетелдік әртістің концерті өтетіні хабарланған. Олардың қатарында Timbaland, Tyga және Nicole Scherzinger бар.

Өткен жылы елімізде Дженнифер Лопес, Робби Уильямс және Backstreet Boys тобының концерттері өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар