$ 476.97 € 562.59 ₽ 6.27

Эминем мен Шакира Қазақстанда концерт береді

Абдрахманов Мағжан
14 сәуір 2026, 17:31
Эминем мен Шакира Қазақстанда концерт береді Сурет авторы: infobae

Америкалық рэпер Eminem мен колумбиялық әнші Shakira Қазақстанда концерт беретінін растады. Бұл туралы Алматы қоғамдық кеңесінің отырысында «Дирекция спортивных сооружений» ЖШС бас директоры Есет Байтасов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өнерпаздардың концерті 2026 жылы Алматыдағы Орталық стадионда өтеді деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта тараптар нақты күндері мен техникалық мәселелерді келісіп жатыр.

Сондай-ақ 2026 жылы стадионда футбол алаңы мен жеңіл атлетика жолдарын жаңарту жоспарланған. Алайда бұл жұмыстардың ірі концерттермен қалай қатар жүргізілетіні нақтыланбаған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының Орталық стадионы бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудағы қиындықтар мен инфрақұрылым жағдайына байланысты сынға алынған.

Соңғы жаңалықтар