$ 519.55 € 596.03 ₽ 6.63

Екінші АЭС құрылысы бойынша шешім биыл күзде қабылдануы мүмкін

17 маусым 2025 16:34 39
Екінші АЭС бірінші станциядан да бұрын салынуы мүмкін
Екінші АЭС құрылысы бойынша шешім биыл күзде қабылдануы мүмкін Сурет авторы: gov.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Орталық Азия – Қытай» форумы аясында журналистерге мәлімдеді.

Склярдың айтуынша, Үкімет жобаның нақты есептері мен параметрлерін, соның ішінде мүмкін болатын құрылыс алаңын күзге дейін шешуді жоспарлап отыр.

– Менің ойымша, шешім осы күзде қабылданады. Ұзаққа созбаймыз. Күзге қарай белгілі бір мәліметтер мен сандар болады. Бірақ одан ертерек те айтуымыз мүмкін. Қай жерде салынатыны бойынша да, – деді бірінші вице-премьер.

Ол екінші АЭС-тің бірінші станциядан бұрын салынуы да ықтимал екенін жоққа шығармады. Бұл таңдалатын технология мен құрылысқа жауапты компанияларға байланысты болмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін, 14 маусымда Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев екінші АЭС-тің құрылысы кезінде Қытай технологияларын пайдалану мүмкін екенін айтқан болатын.

Ал алғашқы АЭС құрылысын жүзеге асыратын консорциумға «Росатом» жетекшілік етеді.

 
 
 

Соңғы жаңалықтар