$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Дрон шабуылдарынан кейін Қазақстан мұнайды қалай тасымалдап жатыр?

Абдрахманов Мағжан
14 қаңтар 2026, 09:36
Дрон шабуылдарынан кейін Қазақстан мұнайды қалай тасымалдап жатыр? Сурет авторы: ria.ru

Қазақстанда желтоқсан айында мұнай экспортын Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалдау көлемі уақытша төмендеген. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, экспорттың қысқаруына Қара теңіздегі теңіз терминалына дрондармен жасалған шабуылдар, сондай-ақ қолайсыз ауа райы әсер еткен. Аталған жағдай өндіріс процесінің тоқтап қалмауы үшін мұнай көлемін жедел түрде қайта бөлуге себеп болды.

Министрлік мәліметінше, экспорттың бір бөлігі балама бағыттарға, соның ішінде Атырау – Самара құбыры арқылы және Қытай бағытына жөнелтілген. Қытайға жеткізілім көлемінің артқаны байқалған. Ал өзге экспорттық бағыттар бойынша тасымал жоспарлы деңгейде сақталған.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалы маңында қазақстандық мұнай тиеген танкерлерге дрондар шабуыл жасаған. 2025 жылы мұндай оқиғалар кемінде төрт рет тіркелген.

Соңғы жаңалықтар