$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

ДДСҰ дабыл қағуда: Үндістан мен Бангладеште өлім көрсеткіші 75%-ды құрайтын Нипах вирусы өршіп тұр

Редакция
28 қаңтар 2026, 10:50
ДДСҰ дабыл қағуда: Үндістан мен Бангладеште өлім көрсеткіші 75%-ды құрайтын Нипах вирусы өршіп тұр Сурет авторы: Getty images

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістан мен Бангладеште Нипах вирусының жаңа ошақтарының пайда болу қаупі туралы ескертеді. Вирустың негізгі тасымалдаушысы - жарқанаттар. Ауру адамдармен, жануарлармен байланыс жасау немесе ластанған тағамдарды тұтыну арқылы жұғады. Бұл туралы Shyndyk.kz хабарлайды.

Мамандардың мәліметінше, аталған вирустан болатын өлім-жітім деңгейі 40%-дан 75%-ға дейін жетеді.

Батыс Бенгалия штатында қазірдің өзінде ауру жұқтырудың бес жағдайы тіркелген, олардың арасында медицина қызметкерлері де бар. Науқастармен байланыста болған 100-ге жуық адам қатаң бақылауға алынды.

Қазіргі таңда Нипах вирусына қарсы ешқандай вакцина немесе арнайы терапия жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар