$ 440.86 € 500.77 ₽ 5.27

Бішкекте өтетін Шакираның концертіне ең қымбат билет бағасы белгілі болды

Редакция
30 қыркүйек 2026, 11:41
Бішкекте өтетін Шакираның концертіне ең қымбат билет бағасы белгілі болды Сурет авторы: instagram.com/Shakira

Әлемге танымал латиноамерикандық әнші Шакира өзінің «Las Mujeres Ya No Lloran World Tour» әлемдік туры аясында 18 қазанда Бішкек қаласында өнер көрсетеді. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің Іс басқарушысы Каныбек Туманбаев мәлімдеді. Поп-жұлдыз Орталық Азия өңіріне алғаш рет аяқ баспақ.

Шоуға билеттер сату 1 қазан таңертең онлайн форматта басталады. Бағасы көрінісі шектеулі орындар үшін 12 000 сомнан (шамамен 60 345 теңге) басталып, VIP-аймақтағы ең қымбат орындар үшін 120 000 сомға (603 445 теңге) дейін жетеді.

Айта кетерлігі, бұған дейін көрші елдің БАҚ өкілдері концерттің өтуі екіталай екенін жазған болатын. Қырғызстандық продюсерлер ұйымдастыру жұмыстарына қазақстандық компанияның араласуына наразылық білдірген еді.

Продюсер Ислам Сатаровтың айтуынша, бұған дейін Бішкекте рэпер Канье Уэсттің де концерті жоспарланған. Қырғыз тарапы оның 5 миллион долларлық гонорарын төлеуге дайын болғанымен, қазақстандық ұйымдастырушылар әртіске 2 миллион доллар артық ұсынып, салдарынан Бішкектегі шоу өтпей қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар