$ 470.46 € 543.1 ₽ 5.86

Атырауда мектеп жанында бірінші сынып оқушысы жол апатынан қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
06 сәуір 2026, 11:35
Атырауда мектеп жанында бірінші сынып оқушысы жол апатынан қаза тапты Сурет авторы: Ақ Жайық

Атырауда BINOM мектебінің маңында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бірінші сынып оқушысы қаза тапты.

Қайғылы оқиға 6 сәуір күні таңертең Нұрсая шағынауданында, Әл-Фараби атындағы BINOM мектебінің жанында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жеті жасар қыз сабаққа бара жатып, жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп келе жатқан кезде автокөлік қағып кеткен.

Ауыр жарақат алған оқушы жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты басқа оқушылар мен ата-аналардың көз алдында болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен дәрігерлер жедел жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалған.

 

Соңғы жаңалықтар