$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Астанада жүргізушісіз такси іске қосылмақ

Редакция
29 желтоқсан 2025, 16:04
Астанада жүргізушісіз такси іске қосылмақ Сурет авторы: Известия iz

Елордада бейінді министрліктер, әкімдік және Yandex Qazaqstan компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Тараптар автономды такси сервисін кезең-кезеңімен енгізуге келісті. Бұл жұмыстар қауіпсіздік талаптары мен ережелерін әзірлеуден бастап, алғашқы тестілік сынақтарға дейінгі процестерді қамтиды. Пилоттық жобаны 2026 жылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Алғашқы кезеңде нормативтік базаны дайындауға, қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға және автономды көлікті қала ортасына қауіпсіз интеграциялауға баса назар аударылады.

 

Соңғы жаңалықтар