$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

«Арсенал» мен «Қайрат» арасындағы матч билеттерінің бағасы жарияланды

Абдрахманов Мағжан
11 қараша 2025 15:14 263
«Арсенал» мен «Қайрат» арасындағы матч билеттерінің бағасы жарияланды Сурет авторы: Instagram/ f.c.kairat

«Арсенал» футбол клубының ресми сайты Лондонда өтетін «Арсенал» – «Қайрат» матчының билет бағасын жариялады.

Жанкүйерлер көптен күткен ойынды көру үшін 44,80–84 фунт стерлинг (шамамен 30 800 – 57 750 теңге) аралығында төлеуі қажет. Клубтың ресми сайтында билеттердің басым бөлігі сатылып кеткені көрсетілген.

Матч 2026 жылдың 28 қаңтарында Лондонда, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі сегізінші тур аясында өтеді. 

«Қайраттың» үйдегі ойындарына билеттер 30 мыңнан бастап 250 мың теңгеге дейін сатылып жатыр. Кейбір жанкүйер бағаның тым жоғары екенін айтып, наразылық білдірген еді.

«Қайрат» төрт ойында бір ұпай еншілеп, турнир кестесінде 34-орында тұр. Қазақстандық клуб келесі ойынын Алматыда "Олимпиакосқа" қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар