$ 469.85 € 542.16 ₽ 5.78

Әншілерді «шайтанның азаншысы» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Редакция
05 тамыз 2026, 09:55
Әншілерді «шайтанның азаншысы» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды Сурет авторы: видеодан кадр

Түркістан облысында той кезінде сөйлеген сөзі әлеуметтік желіде тараған 66 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адамның көпшілік алдында діни және әлеуметтік алауыздықты қоздыру белгілері бар мәлімдемелер жасағанын анықтаған.

Видеода ол әншілерді «шайтанның азаншысы» деп атап, әйелдер мен ер адамдардың шариғат талабына сай бөлек отыруы керектігін айтқан.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ІІМ сөз бостандығы заң талаптарын сақтаудан босатпайтынын атап өтті.

«Заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға беріледі», – деп мәлімдеді министрлік.

Соңғы жаңалықтар