$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Алматыдан Бангкокқа бағыт алған Air Astana ұшағы Делиге қонуға мәжбүр болды

Редакция
18 желтоқсан 2025, 09:59
Алматыдан Бангкокқа бағыт алған Air Astana ұшағы Делиге қонуға мәжбүр болды Сурет авторы: Dkn world news

Техникалық ақауға байланысты қазақстандық Air Astana әуе компаниясының Алматы – Бангкок рейсі Үндістанның Дели қаласындағы әуежайға мәжбүрлі түрде қонды. Бұл ақпаратты әуе тасымалдаушысы ресми түрде растады.

Ұшақта 138 жолаушы болған. Рейс 18 желтоқсанға қараған түні сағат 01:00-де Алматыдан ұшып, 05:51-де Делиге сәтті қонған.

Әуе компаниясының хабарлауынша, жолаушыларға тамақ беріліп, уақытша визалар рәсімделген. Қазіргі таңда оларды қонақүйге орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа ұшуды жалғастыру үшін қосымша ұшақ әзірленуде.

Айта кетейік, бұған дейін Air Astana әуе компаниясының Алматы – Астана рейсі кезінде салонда түтін байқалып, экипаж Mayday белгісін берген еді. Кейін әуе компаниясы бұл жағдай кондиционер жүйесінен шыққан әдеттен тыс иіспен байланысты екенін мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар