$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Air Astana Алматыға шұғыл қонды: себебі белгілі болды

Редакция
17 желтоқсан 2025, 11:12
Air Astana Алматыға шұғыл қонды: себебі белгілі болды Сурет авторы: ulysmedia

17 желтоқсанда Алматы-Астана бағыты бойынша KC 851 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы борттағы кондициялау жүйесінің сипатсыз иісінің пайда болуына байланысты экипаждың шешімі бойынша ұшу әуежайына оралды.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматыға қайтып оралу туралы шешім қабылдады. Қону жергілікті уақыт бойынша 07: 40-та штаттық режимде орындалды.

Рейс жолаушыларына ыстық және салқын сусындар, сондай-ақ тіскебасарлар ұсынылды. Жолауашылар Астанаға басқа әуе кемесімен сағат 10: 15 - те аттандырылды.

Осы оқиға бойынша техникалық тексерудің белгіленген рәсімі жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар