$ 467.58 € 543.66 ₽ 6.44

Алматы облысында ер адам әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Абдрахманов Мағжан
18 мамыр 2026, 10:32
Алматы облысында ер адам әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді Сурет авторы: Canva

Алматы облысында 37 жастағы ер адам әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Істің барысы департамент басшылығының бақылауына алынған.

 

Соңғы жаңалықтар