$ 537.34 € 623.05 ₽ 6.65

Ақтөбеде әйелін ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

Абдрахманов Мағжан
21 тамыз 2025 11:42 154
Ақтөбеде әйелін ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты Сурет авторы: istock

Ақтөбе тұрғыны әйелін өлтіргені үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы сот үкімінде айтылды.

Тергеу мәліметінше, ер адам жұбайын бірнеше рет басынан ұрған. Алғашында әйел ауруханаға жатудан бас тартқан, алайда кейін жағдайы нашарлап, жедел жәрдеммен жеткізілген. Дәрігерлердің барлық көмегіне қарамастан, ол реанимацияда көз жұмды.

Сот-медициналық сараптама марқұмның өліміне бас сүйек-ми жарақаты себеп болғанын анықтады. Сарапшылар бұл жарақаттың құлап немесе әйелдің өзі жарақаттауы салдарынан пайда болуы мүмкін еместігін мәлімдеді.

Белгілі болғандай, қайғылы жағдайдан бір ай бұрын да күйеуі оған күш қолданған. Сотта ер адам кінәсін ішінара мойындады. Прокурор 10 жыл жаза тағайындауды сұрады, дегенмен сот үкімімен ол 8 жылға ғана сотталды.

Сонымен қатар сот Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жеке ұйғарым жолдап, жедел жәрдем қызметіндегі олқылықтарды жоюды талап етті.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар