$ 448.45 € 501.59 ₽ 5.36

Ақтөбеде әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау тұрғыны ұсталды

Абдрахманов Мағжан
13 қазан 2026, 10:09
Ақтөбеде әйелді өлтірді деген күдікпен Атырау тұрғыны ұсталды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Ақтөбеде әйелдің өліміне күдікті ретінде Атырау облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бұрыннан таныс болған. Полицияның хабарлауынша, екеуінің арасында жанжал шығып, ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Әйел оқиға орнында көз жұмған.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстың себебі мен оған не түрткі болғаны анықталуда.

Тергеу барысы Ақтөбе облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар