$ 470.8 € 545.99 ₽ 6.6

Ақтауда мәслихат депутаты пластикалық операциядан кейін қайтыс болды

Абдрахманов Мағжан
22 мамыр 2026, 18:08
Ақтауда мәслихат депутаты пластикалық операциядан кейін қайтыс болды Сурет авторы: gov.kz

Ақтауда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов пластикалық операциядан кейін көз жұмды. Бұл жөнінде Stan.kz хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 49 жастағы ер адам клиникаға иек тұсындағы майды алу үшін липосакция жасатуға келген. Ота кезінде оған наркоз берілген сәтте жағдайы күрт нашарлаған.

Дереккөздерге сәйкес, кейін ол комаға түсіп, бір айдан соң қайтыс болған.

Марқұмның туыстары асқынулар наркозды дұрыс енгізбеу салдарынан болғанын айтады. Сондай-ақ олардың сөзінше, медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеген.

Оқиға бойынша тексеру материалдары прокуратураға жолданғаны хабарланған. Алайда прокуратура өкілдері аталған құжаттардың әлі түспегенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Алматыда блогер Сәуле Базархан жеке клиникалардың бірінде көз жұмған еді.

Соңғы жаңалықтар