$ 471.45 € 547.21 ₽ 6.63

Алматыда блогер Сәуле Базархан пластикалық ота жасайтын клиникада көз жұмды

Абдрахманов Мағжан
21 мамыр 2026, 10:32
Алматыда блогер Сәуле Базархан пластикалық ота жасайтын клиникада көз жұмды Сурет авторы: instagram/ saule_bazarkhan

Алматыда блогер Сәуле Базархан жеке клиникалардың бірінде көз жұмды. Бұл туралы продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде хабарлады.

Алматы қаласының полиция департаменті мәліметінше, 15 мамыр күні 53 жастағы қала тұрғыны жеке клиникада қайтыс болған. Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Ресми түрде өлімнің нақты себебі әлі жарияланған жоқ. Клиника уақытша жабылып, тексеру жұмыстары басталған.

Соңғы жаңалықтар