$ 481.83 € 556.8 ₽ 5.85

Abu Dhabi Commercial Bank Қазақстанда еншілес банк ашуға рұқсат алды

Редакция
26 наурыз 2026, 15:22
Abu Dhabi Commercial Bank Қазақстанда еншілес банк ашуға рұқсат алды Сурет авторы: kaztag.kz

Қазақстанның банк секторында үлкен өзгерістер күтілуде. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі банктерінің бірі - Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB) корпорациясына Қазақстанда еншілес банк ашуға ресми рұқсат берді.

Бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың банк саласындағы бәсекелестікті арттыру және шетелдік капиталды тарту туралы тапсырмасының тікелей нәтижесі болып табылады.

• 2025 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, банктің жалпы активтері $210 миллиардтан асса, таза пайдасы $3 миллиардты құраған.

• Банктің негізгі акционері - Абу-Даби үкіметіне тиесілі «Mubadala Investment Company» холдингі. Бұл банкке халықаралық деңгейдегі ең жоғары рейтингтерді (Fitch бойынша A+) қамтамасыз етеді.

• Жаңа банк тек дәстүрлі қызметтер ғана емес, сонымен қатар «ислам терезесі» тетігі арқылы исламдық қаржыландыру өнімдерін ұсынатын болады.

Агенттіктің 2026 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен «Abu Dhabi Commercial Bank (Kazakhstan)» АҚ құруға және оған холдинг мәртебесін беруге рұқсат берілді. Қазіргі уақытта ішкі инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүріп жатыр, ол аяқталған соң банк толыққанды лицензия алып, өз жұмысын бастайды.

Бұл оқиға еліміздегі қаржылық қызметтердің сапасын арттырып, бизнес пен халық үшін жаңа баламалы құралдардың пайда болуына жол ашады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар