$ 487.44 € 567.38 ₽ 6.62

2027 жылдан бастап ипотека шарттары өзгереді: бастапқы жарнасы көптер аз төлейді

Редакция
05 маусым 2026, 15:37
2027 жылдан бастап ипотека шарттары өзгереді: бастапқы жарнасы көптер аз төлейді Сурет авторы: Magnific.com

Қазақстанда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің  жаңа шекті деңгейлері енгізілуі мүмкін. Жаңа ережеге сәйкес, бастапқы жарнасы жоғары азаматтар ипотеканы төменірек мөлшерлемемен рәсімдей алады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің жоспары бойынша, егер тұрғын үй құнының кемінде 30%-ы бастапқы жарна ретінде төленсе, ипотека бойынша ЖТСМ 20%-дан аспайды.

Ал бастапқы жарна 30%-дан төмен болған жағдайда, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шегі 25%-ға дейін жетуі мүмкін.

Осылайша, реттеушілер ипотека құнын қарыз алушының бастапқы жарна көлеміне қарай саралауды көздеп отыр. Жаңа тәртіп 2027 жылдың басынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар