$ 539.55 € 627.55 ₽ 6.7

Зорлық-зомбылық негізінен мас күйде жасалады – ІІМ

Редакция
17 сәуір 2024 04:31 4002
Зорлық-зомбылық негізінен мас күйде жасалады – ІІМ Сурет авторы: ekhokavkaza.com

Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 60%-ы мас күйінде жасалады. Бұл мәліметті Қазақстандық қоғамдық даму институты "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамада" келтірді.

Мас күйінде отбасында жанжал тудырғандардың 97%-ы наркологиялық мекемелерге жатқызылады. Бұл олардың ішімдікке (есірткіге) тәуелді екенін және мәжбүрлі түрде емделу керектігін көрсетеді. 

"Ішкі істер министрлігінің дерегінше, 2012 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде полиция отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 1 915 230 шағым тіркеген, яғни 1 000 адамның әрбір 10-шысы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген. Алайда, осы он жыл ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша полицияға түскен шағымның төмендеу динамикасы байқалады", - делінген  баяндамада.

 

Соңғы жаңалықтар