$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Зиянды түтін шығаратын көліктер Сергек камерасымен анықталуы мүмкін

Редакция
15 қараша 2024 04:04 3986
Зиянды түтін шығаратын көліктер Сергек камерасымен анықталуы мүмкін Сурет авторы: gross-avto.com

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы, полиция полковнигі Мұрат Иманбаев айтты.

«Алматы қаласында пилоттық жоба аясында көліктерден зиянды түтіннің шығуын анықтайтын камералар сынақтан өтіп жатыр», - деді ол. 

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, әзірге бұл жоба туралы айту ерте. Пилоттық жоба нәтижесіне қарай шешім қабылданады. 

«Экологиялық ахуалға байланысты бұл мәселені де қарастыру жөн деп есептейміз», - деді комитет басшысы. 

Соңғы жаңалықтар