$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Жылы жаққа саяхаттаймыз деген қазақстандықтар 40 млн теңгесінен айырылып қалды

Редакция
23 қаңтар 2025 04:32 4761
Жылы жаққа саяхаттаймыз деген қазақстандықтар 40 млн теңгесінен айырылып қалды Сурет авторы: Shutterstock

Қостанайда полицейлер туристік жолдамалар ұсынамын деп 53 адамды алдаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Алаяқтың уәдесіне сенген жәбірленушілер Мысыр, Түркия, Тайланд, Вьетнам және Қытай елдеріне саяхат жоспарлаған. Алайда саяхатқа жұмсаған жалпы сомасы 40 миллион теңге болған қаражат кері қайтарылмаған.

"Тұтынушылар турларды кеңседе немесе телефон арқылы брондап, төлемді қолма-қол немесе банк арқылы жасаған. Алайда ұшатын уақыт келгенде, олардың туры мүлде брондалмағаны анықталды", – деді полиция өкілдері.

Күдікті жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Бірақ туристік брондау жүргізілгенін растайтын ешбір құжат табылмаған. Компанияның айтуынша, олар клиенттердің ақшасын иеленбеген, тек турларды өзіндік құнымен сатқан.

Полиция осындай схема арқылы жәбір көрген азаматтарды құқық қорғау органдарына бірден хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар