$ 539.55 € 627.55 ₽ 6.7

Жылу желілері тозған қалалар белгілі болды

Редакция
10 мамыр 2024 04:26 1384
Жылу желілері тозған қалалар белгілі болды Сурет авторы: ulpravda

Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жылу желілері әбден тозығы жеткен қалаларды айтып берді. 

«Министрлік жылу желілерінің тозуы өте жоғары (65-тен 91%-ға дейін) «қызыл аймақ» санатына жатқызылған 12 қаланы анықтады. 2023 жылдың соңында бұл қалалардағы желілердің орташа тозуы 73 пайыз болды», – деді Қанат Шарлапаев.

Қалалардың тізімі осындай:

▪️ Екібастұз;
▪️ Павлодар;
▪️ Степногорск;
▪️ Атбасар;
▪️ Петропавл;
▪️ Ақтау;
▪️ Арқалық;
▪️ Рудный;
▪️ Абай;
▪️ Семей қ.;
▪️ Теміртау қ.;
▪️ Кентау;
▪️ Риддер.

«Жылу желілерін жөндеу жұмыстарына 33 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар 90 шақырым жылу желілерін жаңғыртуға қосымша шамамен 46 млрд теңге қажеттілік бар», – деп қосты Шарлапаев.

Соңғы жаңалықтар