$ 538.54 € 628.31 ₽ 6.7

Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық үшін 95 полиция сотталды

Редакция
27 тамыз 2024 02:08 4528
Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық үшін 95 полиция сотталды Сурет авторы: Фото: Ашық дереккөз

Бірініші кредиттік бюроның мәліметінше, жыл басынан бері 95 қазақстандық полиция қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін соттаған.

Сарапшылар Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сілтеме жасай отырып, 47 полицей пара алғаны үшін, 27 полиция қызметкері алаяқтық жасағаны үшін, қалғандары пара бергені, пара алғаны, қызметін теріс пайдаланғаны және әрекетсіздігі үшін жаза арқалаған.

Көрсетілген кезеңде сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың саны 557. Оның ішінде 182 адам түрме мерзімін алған, оның 90 – ға жуығы бес жыл түрме жазасына кесілген. 247 сотталушыға жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге айыппұл тағайындалды.

Соттар 56 адамды жазадан босатты. Екі адам ақталды, екеуі де полиция қызметкерлері.



Соңғы жаңалықтар