$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 10 мопед жүргізушісі қаза тапты

Редакция
23 шілде 2024 09:18 4984
Жыл басынан бері кәмелетке толмаған 10 мопед жүргізушісі қаза тапты Сурет авторы: Depositphotos

Қазақстанда жыл басынан бері кәмелетке толмаған мопед жүргізушілерінің қатысуымен 154 жол-көлік оқиғасы орын алған. 

Мұндай деректі Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев келтірді.

Оның айтуынша, сыйымдылығы шағын екі доңғалақты көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін жиі бұзып, қайғылы жағдайға себеп болады.

«Жыл басынан бері мопед пен скутер айдаған кәмелетке толмағандардың қатысуымен 154 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 180 кәмелетке толмаған бала зардап шегіп, 10 бала қаза тапты. Жол қателікті кешірмейтінін тағы бір еске салайық. Ата-аналардан баласының жол қозғалысы ережелерін сақтауын қадағалауын сұраймыз.  Скутер, электросамокат, мопед ойыншық емес. Олар –жол қозғалысының толық қатысушысы», - деді басқарма өкілі.

 

 

Соңғы жаңалықтар