$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Жыл басынан бері 40 мың адам баспана кезегінен шығарылды

Редакция
26 шілде 2024 07:20 3326
Жыл басынан бері 40 мың адам баспана кезегінен шығарылды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

«Өткен жылдан бері кезекте тұрған 400 мың адамның жағдайы талданды. Олардың 330 мыңында кезекте тұру параметрлері бойынша сәйкессіздік бар. Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр. Бірақ жыл басынан бері 40 мыңға жуық адамды кезектен шығардық. Кезек азайып барады», - деді Жүнісбеков.

Жалпы, комитет төрағасының айтуынша, бүгінде кезекте 650 мың адам тұр, оның 440 мыңға жуығы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады.

Соңғы жаңалықтар