$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Жыл басынан бері 312 млрд теңгенің заңсыз активі мемлекетке қайтарылды

Редакция
01 шілде 2024 08:55 4240
Жыл басынан бері 312 млрд теңгенің заңсыз активі мемлекетке қайтарылды Сурет авторы: kazpravda.kz

ҚР Бас прокуратурасында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Осы кезеңде 312 млрд теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды. Сондай-ақ 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленді.

Еңбек қатынастары саласында прокуратура қабылдаған шаралармен 87 мың адамның құқығы қалпына келтірілді, 3 мың қызметкердің алдында 202 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өндіріп алынды.

Мемлекет басшысының инвестициялар бойынша берілген тапсырмасын іске асыру шеңберінде прокурорлар 32 трлн теңгеге 770 инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. 350 инвесторға көмек көрсетілді. Олардың экономикаға қосқан үлесі 6,4 трлн теңгені құрады. «Прокурорлық сүзгі» арқылы мемлекеттік органдардың 2300 материалы өтті (тексерулерді тағайындау туралы, әкімшілік іс жүргізулер қозғау туралы). Қарау нәтижелері бойынша келісуден бас тартылғаны: 31 - шектеулер бойынша, 71 - тексеру тағайындау бойынша, 170 - әкімшілік іс жүргізуді қозғау бойынша.

Бүгінгі таңда 44 мың кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді. Оларға қатысты мемлекеттік органдардың алты мыңнан астам тыйым салу және шектеу шаралары жойылды (олардың басым көпшілігі мемлекеттік кірістер желісі бойынша – 6050).

Жалпы, әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 2,5 млн адамның құқықтары қалпына келтірілді. Бюджетке 41 млрд теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалды, 75 адам сотталды.

Соңғы жаңалықтар