$ 487.76 € 562.39 ₽ 6.75

Жүргізушілердің назарына: Елордадағы төрт бірдей қиылыс 10-15 маусым аралығында жөндеуге жабылады

Редакция
11 маусым 2026, 11:09
Жүргізушілердің назарына: Елордадағы төрт бірдей қиылыс 10-15 маусым аралығында жөндеуге жабылады Сурет авторы: turkystan.kz

Астана қалалық әкімдігі елорда көшелеріндегі асфальт жабынын ауыстыру жұмыстарына байланысты қозғалыстың уақытша шектелетінін хабарлады. Жөндеу жұмыстары келесі кесте бойынша жүргізіледі:

 Ж. Нәжімеденов – Қ. Қуанышбаев қиылысы: 10 маусым сағат 21:00-ден 11 маусым сағат 07:00-ге дейін;

 Ж. Нәжімеденов – Қ. Аманжолов қиылысы: 12 маусым сағат 21:00-ден 13 маусым сағат 07:00-ге дейін;

 Ж. Нәжімеденов – С. Нұрмағамбетов қиылысы: 13 маусым сағат 21:00-ден 14 маусым сағат 07:00-ге дейін;

 С. Нұрмағамбетов – А. Байтұрсынов қиылысы: 14 маусым сағат 21:00-ден 15 маусым сағат 07:00-ге дейін.

Қалалық билік жүргізушілерге жол қозғалысының қиындықтарын тудырмас үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Естеріңізге сала кетейік, бұл шаралар жол қауіпсіздігін арттыру және жол жабынын сапалы жаңарту мақсатында қолға алынып отыр.

Соңғы жаңалықтар