$ 538.03 € 629.23 ₽ 6.74

Жүргізушілер назарына: Көлікке түрлі-түсті белдік орнату міндеттелуі мүмкін

Абдрахманов Мағжан
14 тамыз 2025 11:48 171
Жүргізушілер назарына: Көлікке түрлі-түсті белдік орнату міндеттелуі мүмкін Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы

Ресейдің Ішкі істер министрлігі «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы Kolesa.kz ресейлік ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Негізгі өзгерістердің бірі – автокөліктердегі қауіпсіздік белдігіне қатысты. Жүргізушілердің белдік тағу талабын орындауын қадағалау үшін:

  • Белдік тақпаған жағдайда дыбыстық сигнал беретін жүйені міндетті ету;

  • Белдік ұзындығын бақылау;

  • Жүргізушінің белдік таққан-тақпағанын анықтау үшін оны түрлі түске бояу немесе жарыққа шағылысатын материал қолдану ұсынылып отыр.

Егер бұл өзгерістер қабылданса, талаптар Қазақстанға да міндетті болады. Өйткені құжат Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағына ортақ.

Соңғы жаңалықтар